Өлең, жыр, ақындар

Қарттарым

Қазақша өлең мәтіні, өлең жолдары және толық нұсқасы.

Қарыштаған мына қоғам заманда,
Қазына мен байлық керек адамға.
Қарапайым құндылықты байқамай
Қаржы төгіп ұрынады жаманға.

Ата сөзін асылым деп термедік
Аналарға көңілді бір бөлмедік.
Ауырлатса алыстағы бір үйге,
Апарып сап қолымызды сермедік.

Тасынамыз анаған да мынаған,
Төгеміз кеп баламызға сұраған.
Тауып жатар отбасы деп, ордам деп
Тасамызда қалар бірақ бір адам.

Тас үйіне үкіметтің қамадық
Тілегін бір орындамай ананың,
Тасбауыр сен болсаңдағы анаңа
Тілеп жүрер тілегіңді қарағым.

Абайламай жаман істі жалғама,
Ана-әке сөздерін еш қорлама.
Ажарына әжім түскен анаңа
Ауыр сөзді айтуды да ойлама.

Разығын ап көңілдерін суытпа,
Реніштерді отабымен құрықта.
Разылығы ата-ананың балаға,
Бұл өмірде керегін сен ұмытпа.


Пікірлер (0)

Пікір қалдырыңыз

Жиі қойылатын сұрақтар

Қарттарым өлеңінің авторы кім?

  — осы өлеңнің авторы.

Қарттарым өлеңінің толық мәтінін қайдан оқуға болады?

Бұл бетте өлеңнің толық мәтінін онлайн оқуға болады.

Қарттарым өлеңі не туралы?

Бұл өлеңде   өз ойы мен сезімін көркем түрде жеткізеді.

Қарттарым өлеңінен үзінді бар ма?

Бұл бетте өлеңнің толық мәтіні мен шумақтары ұсынылған.

Осы автордың басқа өлеңдері