Қарсылық – Әлия Іңкәрбек

Бұл бетте «Қарсылық» атты Әлия Іңкәрбек жазған өлеңнің мәтіні берілген. Өлең тексті, өлең жолдары және толық нұсқасы осы жерде жарияланған.

  • 05.04.2021
  • 0
  • 0
  • 612
Такаппар Дүние,
Мені де көрші енді!
Шегір көздерден,
небір сөздерден тіктедім еңсемді.
Мен емес шығармын бақытсыз алғашқы,
Мен емес шығармын сормаңдай ең соңғы!

Ғасырлар жаратпай жылдарды,
Жылдарға жастығым ұрланды.
Сапарға бір шыққан жолдастан,
Қасымда кім қалды?

Менікі аңсау ма жоқ бақты,
Бір мақтау – кеудеме от жақты.
Бір мақтау – езуді жидырмай,
Бір мақтау – күлкімді тоқтатты.

Алдайды. Ойы боп көздеген,
Тең етіп қояды өзгемен.
Болды енді, көп әуре болмаңдар,
Жігіттер, сенбеймін сөзге мен!


Пікірлер (0)

Пікір қалдырыңыз

Жиі қойылатын сұрақтар

Қарсылық өлеңінің авторы кім?

Әлия Іңкәрбек — осы өлеңнің авторы.

Қарсылық өлеңінің толық мәтінін қайдан оқуға болады?

Бұл бетте өлеңнің толық мәтінін және текст нұсқасын онлайн оқуға болады.

Қарсылық өлеңі не туралы?

Бұл өлеңде Әлия Іңкәрбек өз ойы мен сезімін көркем түрде жеткізеді.

Қарсылық өлеңінен үзінді бар ма?

Бұл бетте өлеңнің толық мәтіні, шумақтары және өлең жолдары ұсынылған.

Осы автордың басқа өлеңдері