Күлкі мен ұйқы – Есенбай Дүйсенбайұлы

Бұл бетте «Күлкі мен ұйқы» атты Есенбай Дүйсенбайұлы жазған өлеңнің мәтіні толық жарияланған.

  • 15.11.2015
  • 0
  • 0
  • 2851
Көпшігімді көрген жоқ қиқым басып,
Мені арбаған Жыр деген сиқыр ғашық.
Көңілінен мен соның шығамын деп,
Күлкім қашып кетіпті, ұйқым қашып.
Аша алмай-ақ сиқырдың құлыптарын,
Қайнай-қайнай таусылды тұнық қаным.
Бұл жасымда күлкімнің қашқаны жөн,
Қалай болар ұйқымды ұмытқаным?..
Қала жайлап, қаламмен түзге көшем,
Қара өлеңнен күдерің үзбе де сен...
Қашқан күлкі соңынан жүгірмеймін,
Болар емес ұйқымды іздемесем!


Пікірлер (0)

Пікір қалдырыңыз

Осы автордың басқа өлеңдері