Жаңалық – Тұрсынхан Әбдірахманова

Бұл бетте «Жаңалық» атты Тұрсынхан Әбдірахманова жазған өлеңнің мәтіні берілген. Өлең тексті, өлең жолдары және толық нұсқасы осы жерде жарияланған.

  • 12.04.2021
  • 0
  • 0
  • 709
Елімде күнде бір жаңалық
Жатады эфирден таралып,
Жаңадан жасалып теңіздер,
Қосылып іске бір жаңа алып.
Тың ойлар, ірі ойлар қамдасып,
Әркімдер әр істе алға асып
Ғарыштар, алыстар жақындап,
Бүгінгі ертеңмен жалғасып.
Бүгінгі тың ойлар, жаңа ойлар –
Ертеңгі ырыс, бақ – талайлар
Елімде әр үйдің, төрінде
Күлімдеп болашақ арайлар.
Әр сағат, әрбір күн, түндері
Кейін қап өмірдің, бір белі,
Қисығы жолдардың түзеліп,
Ел – керуен жылжиды ілгері.
Жатқанда күнде өмір жаңарып
Адамның болар ма жаны арық!
Күн оған бас ие байыса,
Арайлап атады таң анық!


Пікірлер (0)

Пікір қалдырыңыз

Жиі қойылатын сұрақтар

Жаңалық өлеңінің авторы кім?

Тұрсынхан Әбдірахманова — осы өлеңнің авторы.

Жаңалық өлеңінің толық мәтінін қайдан оқуға болады?

Бұл бетте өлеңнің толық мәтінін және текст нұсқасын онлайн оқуға болады.

Жаңалық өлеңі не туралы?

Бұл өлеңде Тұрсынхан Әбдірахманова өз ойы мен сезімін көркем түрде жеткізеді.

Жаңалық өлеңінен үзінді бар ма?

Бұл бетте өлеңнің толық мәтіні, шумақтары және өлең жолдары ұсынылған.

Осы автордың басқа өлеңдері