Мақтаным – Тұрсынхан Әбдірахманова

Бұл бетте «Мақтаным» атты Тұрсынхан Әбдірахманова жазған өлеңнің мәтіні берілген. Өлең тексті, өлең жолдары және толық нұсқасы осы жерде жарияланған.

  • 12.04.2021
  • 0
  • 0
  • 870
Достарым,
Өмірде сүйерім көп менің:
Сүйемін
Елімнің бұлтсыз аспанын,
Сүйемін түлкі жон даламның көктемін –
Бұраң бел ақ талдың
ақ үрпек
ақ бүршік ашқанын!
Сүйемін
көктемгі даламның ақ таңын,
Сүйемін
еркелеп бұлақтың аққанын,
Сүйемін
қыранның құздағы сақ-сағын
Тау-тасты талдыра
күй төккен
бұлбұлды мақпал үн!
Сүйемін
таң жаңа еңбекпен атқанын,
Сүйемін
өңірді төл үні жапқанын.
Қуанам,
көргенде шат жаным,
Малшы ауыл
ертелеп дуылдап,
қику сап, мыңғырып жатқанын.
Адамның
бақыты – сүйерім, баққаным,
Сүйемін
бейнетқор зейнетке батқанын.
Сүйемін
шопанның Балға-Орақ таққанын,
Сүйемін
осылай баршаның бақытын тапқанын!
Сүйемін
осылай күндердің батқанын,
Сүйемін
осылай таңдардың атқанын.
Ақ сәуле
адамдар көңілінде от жаққанын,
Елімнің
осындай,
Көктемдей өмірі
мақтаным!


Пікірлер (0)

Пікір қалдырыңыз

Жиі қойылатын сұрақтар

Мақтаным өлеңінің авторы кім?

Тұрсынхан Әбдірахманова — осы өлеңнің авторы.

Мақтаным өлеңінің толық мәтінін қайдан оқуға болады?

Бұл бетте өлеңнің толық мәтінін және текст нұсқасын онлайн оқуға болады.

Мақтаным өлеңі не туралы?

Бұл өлеңде Тұрсынхан Әбдірахманова өз ойы мен сезімін көркем түрде жеткізеді.

Мақтаным өлеңінен үзінді бар ма?

Бұл бетте өлеңнің толық мәтіні, шумақтары және өлең жолдары ұсынылған.

Осы автордың басқа өлеңдері