Қыңсыладың қиналып, арсылдамай – Әбілда Аймақ

Бұл бетте «Қыңсыладың қиналып, арсылдамай» атты Әбілда Аймақ жазған өлеңнің мәтіні берілген. Өлең тексті, өлең жолдары және толық нұсқасы осы жерде жарияланған.

  • 15.04.2021
  • 0
  • 0
  • 553
Қыңсыладың қиналып, арсылдамай,
Екеумізді кім сірә, керек етсін?
Жаралғаннан болып ең арсыз малай,
Зарлағанда құдайға не демексің?
Ойламап ем жылар деп сені бұлай,
Көріпсің ғой, байғұсым, көресіңді.
Обал бопты-ау, өзіңе серігім-ай,
Жұлып ала жаздапты өңешіңді.
Азулылар тартып жеп тапқаныңды,
Келдің бе сен тағы да ызаланып.
Теріс мінгізе аламын атқа кімді,
Барғаныммен оларға мұз оранып.
Білем, төбет, жайыңды білем, міне,
Білем сендік намыстың таптағанын.
Азулыға бар жұмыс тірелді де,
Әлсіздердің шеттетті жақпағанын.
Пана таппай ешкімнің қалқасынан,
Тірі кеуде айрылды бағасынан.
Сен де кеттің иттердің ортасынан,
Мен де кеттім адамдар арасынан...


Пікірлер (0)

Пікір қалдырыңыз

Жиі қойылатын сұрақтар

Қыңсыладың қиналып, арсылдамай өлеңінің авторы кім?

Әбілда Аймақ — осы өлеңнің авторы.

Қыңсыладың қиналып, арсылдамай өлеңінің толық мәтінін қайдан оқуға болады?

Бұл бетте өлеңнің толық мәтінін және текст нұсқасын онлайн оқуға болады.

Қыңсыладың қиналып, арсылдамай өлеңі не туралы?

Бұл өлеңде Әбілда Аймақ өз ойы мен сезімін көркем түрде жеткізеді.

Қыңсыладың қиналып, арсылдамай өлеңінен үзінді бар ма?

Бұл бетте өлеңнің толық мәтіні, шумақтары және өлең жолдары ұсынылған.

Осы автордың басқа өлеңдері