Көзін жауып біреулер – Ақсұңқар Ақынбаба

Бұл бетте «Көзін жауып біреулер» атты Ақсұңқар Ақынбаба жазған өлеңнің мәтіні берілген. Өлең тексті, өлең жолдары және толық нұсқасы осы жерде жарияланған.

  • 19.04.2021
  • 0
  • 0
  • 612
Көзін жауып біреулер,
Айғайлады Күн жоқ деп,
Мені жеңіп күлгендер...

Ғасырымның жанарын,
Басқан бұлттар өлең боп,
Жауған жерге қарадым...

Шоқтай қызып бұлт қаны,
Темірлерді майырды.
Қанатымнан қайырды.

Таба алмадым жұбаныш,
Қарап тұрмын белдерден,
Қасіретіме өрлеген.

Қарап тұрмын аспанға,
Ноқаттай боп қарайып.
Жалыққан соң жерден кең.

Мен кешпеген кейінге,
Қалдырдың ба, Құдайым,
Жазмыштың сынағын?

Шоқ ұстатып қолыма,
Соқтықпаған жаныма,
Қалды ма өмір ылаңың?

Сен сынбашы,шыдамым,
Жанып тұрған шырағым?
Құтқар мені шуағым?

Қолын созып орынымнан,
Тұрғызар жан қалды ма,
Не күтіп тұр тағы да?!.

2016 ж.


Пікірлер (0)

Пікір қалдырыңыз

Жиі қойылатын сұрақтар

Көзін жауып біреулер өлеңінің авторы кім?

Ақсұңқар Ақынбаба — осы өлеңнің авторы.

Көзін жауып біреулер өлеңінің толық мәтінін қайдан оқуға болады?

Бұл бетте өлеңнің толық мәтінін және текст нұсқасын онлайн оқуға болады.

Көзін жауып біреулер өлеңі не туралы?

Бұл өлеңде Ақсұңқар Ақынбаба өз ойы мен сезімін көркем түрде жеткізеді.

Көзін жауып біреулер өлеңінен үзінді бар ма?

Бұл бетте өлеңнің толық мәтіні, шумақтары және өлең жолдары ұсынылған.

Осы автордың басқа өлеңдері