Ертең жұма! – Ақсұңқар Ақынбаба

Бұл бетте «Ертең жұма!» атты Ақсұңқар Ақынбаба жазған өлеңнің мәтіні берілген. Өлең тексті, өлең жолдары және толық нұсқасы осы жерде жарияланған.

  • 19.04.2021
  • 0
  • 0
  • 1180
Ертең жұма!
Бет алар күн мешітке,
Алла нұрын төгеді деп бізге де,
Дәл осы күн енем жұмақ – бесікке,
Пәнилік дос енді, мені іздеме.

Сәждеге иіп,
Жамағатпен жұптасып,
Тәу етемін
Тәңір саған зар илеп,
«Жүрген жан ем,
Тағдыр атты жүк тасып,
Арқам әбден талды» -деп.

Жалына алман,
Нәпсім саған бақ сұрап,
Тілеп едім мұсылманның жеңісін,
Жер үстінен
Асты оның жақсырақ,
Екендігін ұқтым деймін мен үшін.

Мешіт іші...
Таза сынды көз үшін,
Молда мүлгіп санап отыр тәсбиық,
Жұбататын қоңыр самал сөзі шын,
Өзі ісін сәлдесіне жасырып.

Ертең жұма!
Жуынамын бұлаққа,
Тағы кірлеп,
Былғанарым білсем де,
Жылап тұрам,
Барғым келіп жұмаққа,
Өлместей боп өмір сүріп жүрсем де...

...Ертең жұма!

2003 ж.


Пікірлер (0)

Пікір қалдырыңыз

Жиі қойылатын сұрақтар

Ертең жұма! өлеңінің авторы кім?

Ақсұңқар Ақынбаба — осы өлеңнің авторы.

Ертең жұма! өлеңінің толық мәтінін қайдан оқуға болады?

Бұл бетте өлеңнің толық мәтінін және текст нұсқасын онлайн оқуға болады.

Ертең жұма! өлеңі не туралы?

Бұл өлеңде Ақсұңқар Ақынбаба өз ойы мен сезімін көркем түрде жеткізеді.

Ертең жұма! өлеңінен үзінді бар ма?

Бұл бетте өлеңнің толық мәтіні, шумақтары және өлең жолдары ұсынылған.

Осы автордың басқа өлеңдері