Жер бетінен қанша арманды өшірдің? – Ақсұңқар Ақынбаба

Бұл бетте «Жер бетінен қанша арманды өшірдің?» атты Ақсұңқар Ақынбаба жазған өлеңнің мәтіні берілген. Өлең тексті, өлең жолдары және толық нұсқасы осы жерде жарияланған.

  • 19.04.2021
  • 0
  • 0
  • 594
Жер бетінен қанша арманды өшірдің?
Қанша адамды көрместей ғып өш қылдың?
Біз солайша өмір сүрдік арбасып,
Ешкім бірақ айта алмады шешімін...

Бейуақтай жұмбақтанып, сұрланып,
Қарау өмір қымтана түс,бұлданып,
Мен ешкімнен сұрамадым кешірім,
Кешірімсіз дүниеден үлгі алып.

Үлгі алдым мінезінен тағдырдың,
Тағдыр болмай тандыр болып қалғырдың,
Ойран заман ойбайынан үйрендім,
Кейіпіне ұқсас қыңыр-қисық түрге ендім.

Тастан қатты,жастан ащы қастарды,
Көре-көре тасқа айналдым сұмдық-ай,
Кеше –кеше батпақ-сатпақ лас жолды,
Ласқа айналдым кешір, өзің бір Құдай?

2003 ж.


Пікірлер (0)

Пікір қалдырыңыз

Жиі қойылатын сұрақтар

Жер бетінен қанша арманды өшірдің? өлеңінің авторы кім?

Ақсұңқар Ақынбаба — осы өлеңнің авторы.

Жер бетінен қанша арманды өшірдің? өлеңінің толық мәтінін қайдан оқуға болады?

Бұл бетте өлеңнің толық мәтінін және текст нұсқасын онлайн оқуға болады.

Жер бетінен қанша арманды өшірдің? өлеңі не туралы?

Бұл өлеңде Ақсұңқар Ақынбаба өз ойы мен сезімін көркем түрде жеткізеді.

Жер бетінен қанша арманды өшірдің? өлеңінен үзінді бар ма?

Бұл бетте өлеңнің толық мәтіні, шумақтары және өлең жолдары ұсынылған.

Осы автордың басқа өлеңдері