Көкжиектің көз жетпейтін шегіне – Марина Цветаева

Бұл бетте «Көкжиектің көз жетпейтін шегіне» атты Марина Цветаева жазған өлеңнің мәтіні берілген. Өлең тексті, өлең жолдары және толық нұсқасы осы жерде жарияланған.

  • 19.04.2021
  • 0
  • 0
  • 1087
Көкжиектің көз жетпейтін шегіне,
Ұшты-күйлі сіңіп кеткен бәрі де.
Ғайып болар күнім келер менің де,
Мына әлемнен мәңгіге.
Көнереді күрескенім, кешкенім,
Алып таулар асқаным,
Барқыттайын кешкі үнім, есті әнім,
Алтын түстес шаштарым.
Ырыздық та, жоқшылық та мен қашқан,
Өмір болып қалады.
Аспан асты мендей адам ешқашан,
Болмағандай болады.
Жоқ нәрсеге бұртиып ап балаша,
Демде ұмытып кететін,
Ошақ оты күлге айналса алауша,
Жүзі жайнап кететін.
Қоңыраудай даусы үзілген немесе,
Салт аттыдай батып кеткен орманға,
Мені осындай таңғажайып қалпымда,
Көресіңдер жер әлемнен сонда да.
Іздеп мәңгі махаббат пен сенімді,
Барлығыңа қайта оралам тағы бір.
Қарамаймын,
Жақынсың ба, жатсың ба,
Кімсің мейлі, бәрібір.
Шындық үшін,
Өңіңде де, түсіңде,
Келе берем, келе берем бұл маңға,
Жаным жиі шер шеккені үшін де,
Бар болғаны жиырмамда!
Өкпелі өмір берілгені үшін де,
Оны амалсыз кешіргенім үшін де,
Еркінмінез нәзіктігім үшін де,
Тым тәкаппар көрінгенім үшін де.
Арынынан қайтпайтұғын тулаған,
Шындық үшін,
Ойын үшін мыңдаған...
Бір шындық бар тыңдаңдар!
Рухым ұшып жердің мынау үстінде,
Көресіңдер,
Сүйесіңдер мені әлі,
Өлетінім үшін де!

08.12.1913 ж.
Аударған Ақсұңқар Ақынбаба


Пікірлер (0)

Пікір қалдырыңыз

Жиі қойылатын сұрақтар

Көкжиектің көз жетпейтін шегіне өлеңінің авторы кім?

Марина Цветаева — осы өлеңнің авторы.

Көкжиектің көз жетпейтін шегіне өлеңінің толық мәтінін қайдан оқуға болады?

Бұл бетте өлеңнің толық мәтінін және текст нұсқасын онлайн оқуға болады.

Көкжиектің көз жетпейтін шегіне өлеңі не туралы?

Бұл өлеңде Марина Цветаева өз ойы мен сезімін көркем түрде жеткізеді.

Көкжиектің көз жетпейтін шегіне өлеңінен үзінді бар ма?

Бұл бетте өлеңнің толық мәтіні, шумақтары және өлең жолдары ұсынылған.

Осы автордың басқа өлеңдері