Бурабай Баурайында – Тортай Сәдуақас

Бұл бетте «Бурабай Баурайында» атты Тортай Сәдуақас жазған өлеңнің мәтіні толық жарияланған.

  • 20.04.2021
  • 0
  • 0
  • 888
Армысың, ардагер жер, ардақты шың,
Сен сері – сымбаттысың, салмақтысың;
Рахатқа батырасың келген жанды,
Сіміртіп самал – саумал, шәрбат – шырын.
Сепкенде күннің көзі таңғы нұрын,
Суреті қандай керім сал қырыңның:
Жондарың құлпырады құндыздайын,
Желкілдеп қайың – бантик, тал – бұрымың.
Көлбеңдеп көз алдымда қойтастарың,
Кеудеме түйдек-түйдек ой тастадың.
Бикештей Биші қайың ырғалады,
Шортанды шырқағандай той бастарын.
Жер бар ма маған сендей қымбаты асқан,
Сиқырлы сыр ұғамын Жұмбақтастан;
Оқжетпес жырау бабам сияқтанып,
Тұр, әне, ұрпағына жырлап дастан.
Манаурап жататұғын алып тыным,
Киең де, елге мәлім, алыптығың!
Уа, айым, нуға байым, Бурабайым,
Жәннәтім, жерұйығым, жарықтығым!


Пікірлер (0)

Пікір қалдырыңыз

Осы автордың басқа өлеңдері