Арманға жетем бе деп жалықпасам – Тортай Сәдуақас

Бұл бетте «Арманға жетем бе деп жалықпасам» атты Тортай Сәдуақас жазған өлеңнің мәтіні толық жарияланған.

  • 20.04.2021
  • 0
  • 0
  • 1071
Арманға жетем бе деп жалықпасам,
Балдырған сырларымды халыққа ашам:
Балаң жыр болашаққа шашуым деп, –
«Ақырын жүріп, мен де, анық басам!..»
Жалынды жыр тусын деп, өмірлі өлең,
Шабыттанам, шалқимын, көңілденем.
Қастерлеп, қасиетті поэзия,
Мен саған жүрегімнің төрін берем.


Пікірлер (0)

Пікір қалдырыңыз

Осы автордың басқа өлеңдері