Ұстаз – Тортай Сәдуақас

Бұл бетте «Ұстаз» атты Тортай Сәдуақас жазған ұстаз туралы өлең берілген.

  • 20.04.2021
  • 0
  • 0
  • 920
Көкірегіңнің аршыған тұнбасын кіл,
Тәлімгердің таудай зор тұлғасын біл:
Ұлы міндет атқарған ұстаз деген,
Ақылгөйің әрі дос, сырласың бұл.
Білім беріп, арманға жол бастаған,
Ұрпақ үшін бейнеттен ол қашпаған;
Ұстаз деген – тілеуқор әкең сынды,
Қиынға сап, мәпелеп, қорғаштаған!
Бағып-қағып ұрпағын ұясында,
Әр баланы балайтын шын асылға:
Ұстаз деген – мейірбан анаң сынды,
Қанат беріп ұшырған қия-шыңға!..


Пікірлер (0)

Пікір қалдырыңыз

Осы автордың басқа өлеңдері