Қазақтың асылы – Ерлан Ахмет

Бұл бетте «Қазақтың асылы» атты Ерлан Ахмет жазған өлеңнің мәтіні толық жарияланған.

Аңсап келген "Атажұртым, тегім" деп,
"Ата-бабам қимай кеткен елім" деп!
Тағдырымен таңғалдырған тарланның
Таңбасы бар атамекен жерінде.

Салауатты күнге ұран тастады,
Тамсандырып егемендік жастарын.
Сенім мен Рух мектебінде ұрпақты
Саламатты болашаққа бастады.

Отаншылдық оты жанған көзінде,
Өзінде бар, өжеттігі - сөзінде.
Еміренген есіл ердің есімі -
Елжіреген жүректерде, сезімде!

Адамзат таңына
арнаған табысын.
Адалдық, Арына
қайраған намысын.
Мұстафа Өзтүрік -
Жаңа Күн жасыны!
Мұстафа Өзтүрік -
Қазақтың асылы!


Пікірлер (0)

Пікір қалдырыңыз

Осы автордың басқа өлеңдері