Шілдеде, шіркін, қыр қандай – Тортай Сәдуақас

Бұл бетте «Шілдеде, шіркін, қыр қандай» атты Тортай Сәдуақас жазған өлеңнің мәтіні толық жарияланған.

  • 20.04.2021
  • 0
  • 0
  • 634
Жолаушым, орақ кезінде, Арқаға келсең аралап;
Шалқыған ұқсап теңізге, Шалықтап жатар бар алап.
Қырлары қыздай құлпырған, Шілдеде, шіркін, қыр қандай?!
Масақтар күліп мұртынан, Масаттанып тұрғандай.
Қойнында толған ырыс бар, Осында майдан – жұмыстар.
Сол үшін салған ұрыстар, Қырдағы туған құрыштар.
Құмартып келсең қырманға, Көңілің шалқыр көкке өрлей.
Белестер сайын бұл маңға, Бекеттер орнап кеткендей.
Тоғысып тоқсан торабы, Түйіскен мұнда жол қилы:
Толтырып дәнге қорабын, – Толассыз «Газдар» жөңкиді.
Елімнің көріп ерлерін, Кеудеңде сол сәт тасыр күй;
Ұғынып диқан еңбегін, Ізетпен оған басыңды іи!..


Пікірлер (0)

Пікір қалдырыңыз

Осы автордың басқа өлеңдері