Сол түнде – Тортай Сәдуақас

Бұл бетте «Сол түнде» атты Тортай Сәдуақас жазған өлеңнің мәтіні берілген. Өлең тексті, өлең жолдары және толық нұсқасы осы жерде жарияланған.

  • 20.04.2021
  • 0
  • 0
  • 683
Жандырған жүрегімді өртіңменен,
Түстім сан тебіреніске сол түнде мен.
Алтын ай сәуле шашқан жасыл бақта,
Көрдім мен жанарыңды мөлтілдеген.
Мені енді жылап тұрып ұмыт дедің,
Ұмыт дедің, өзіңше үгіттедің.
Жолымыз қосылмайды деп налыдың,
Мен болсам, сол баяғы үмітте едім.
Өзіңсіз ортам да олқы, күлкім де кем,
Дидарың үлбіреген гүл-гүлге тең;
Сен менің жүрегіммен бір біткенсің, –
Жүректі жұлып тастау мүмкін бе екен?!


Пікірлер (0)

Пікір қалдырыңыз

Жиі қойылатын сұрақтар

Сол түнде өлеңінің авторы кім?

Тортай Сәдуақас — осы өлеңнің авторы.

Сол түнде өлеңінің толық мәтінін қайдан оқуға болады?

Бұл бетте өлеңнің толық мәтінін және текст нұсқасын онлайн оқуға болады.

Сол түнде өлеңі не туралы?

Бұл өлеңде Тортай Сәдуақас өз ойы мен сезімін көркем түрде жеткізеді.

Сол түнде өлеңінен үзінді бар ма?

Бұл бетте өлеңнің толық мәтіні, шумақтары және өлең жолдары ұсынылған.

Осы автордың басқа өлеңдері