Мейірім – Тортай Сәдуақас

Бұл бетте «Мейірім» атты Тортай Сәдуақас жазған өлеңнің мәтіні берілген. Өлең тексті, өлең жолдары және толық нұсқасы осы жерде жарияланған.

  • 23.04.2021
  • 0
  • 0
  • 2645
Аяулы ұстазым Қайша Есімқызына

Жайраңдап өткен өзіңмен, Жадымда сәби шақтарым.
Жылылық тауып көзіңнен, Жауқазын жырлар жаттадым.
Әуенің – әлди, сөзің – бал, Жан едің жайсаң жаны ізгі.
Мейрімге толы кезің бар, Мамырдың айы тәрізді.
Құшағың қандай кең еді, Көңілің неткен мөп-мөлдір.
Жаныңның жасыл желегі, Жамырап бізді өпкен бұл.
Сағыныш лаулар кеудемде, Қоңырау сазын тыңдасам.
Шығатын талай серуенге, Қараймын сонау қырға сан.
Жұлқынар кеуде – кермеден, Құлыншақ көңіл сені іздей.
Жоғыңа әсте сенбеген, Тулайды жүрек теңіздей.
Түндігін таңның ашам да, Жылдарға қолды бұлғаймын.
Ақылшым едің қашанда, Анамдай сүйіп тыңдаймын.
Түлетіп талай ұл-қызды, Көтерттің арман желкенін.
Ескерткіш қылып бұл жырды, Толғайды сол бір «тентегің».


Пікірлер (0)

Пікір қалдырыңыз

Жиі қойылатын сұрақтар

Мейірім өлеңінің авторы кім?

Тортай Сәдуақас — осы өлеңнің авторы.

Мейірім өлеңінің толық мәтінін қайдан оқуға болады?

Бұл бетте өлеңнің толық мәтінін және текст нұсқасын онлайн оқуға болады.

Мейірім өлеңі не туралы?

Бұл өлеңде Тортай Сәдуақас өз ойы мен сезімін көркем түрде жеткізеді.

Мейірім өлеңінен үзінді бар ма?

Бұл бетте өлеңнің толық мәтіні, шумақтары және өлең жолдары ұсынылған.

Осы автордың басқа өлеңдері