Дұрыс пен бұрыс
Бұл бетте «Дұрыс пен бұрыс» атты Абдрахман Асылбек жазған өлеңнің мәтіні толық жарияланған.
Қиылысы көшенің,
Жанды сәуле жасыл.
Дұрыс біліп есебін,
Жүріп кетті батыл.
Келе жатыр көшенің
Оң жағымен – Дұрыс.
Жолын кесті шешенің
Сол жағымен – Бұрыс.
Велосипед тебуді
Меңгерем деп оңай,
Бұрым жіпке керулі
Шырматылды жолай.
Светофор көзіне
Қарамасаң егер,
Қиын болар өзіңе –
Қауіп-қатер төнер.
Сары жанса жарқырап,
Мынаны біл дәйім:
Жасыл жанар артынан,
Болғын соған дайын.
Өте берсін бөбек те,
Жасыл сәуле жанса.
Кезікпейді бөгетке,
Осыны еске алса.
- Уильям Шекспир
- Лев Шестов
- Лев Шестов
- Лев Шестов
Барлық авторлар
Ілмек бойынша іздеу
Мақал-мәтелдер
Қазақша есімдердің тізімі