Шілдеде, шіркін, қыр қандай – Тортай Сәдуақас

Бұл бетте «Шілдеде, шіркін, қыр қандай» атты Тортай Сәдуақас жазған өлеңнің мәтіні берілген. Өлең тексті, өлең жолдары және толық нұсқасы осы жерде жарияланған.

  • 20.04.2021
  • 0
  • 0
  • 619
Жолаушым, орақ кезінде, Арқаға келсең аралап;
Шалқыған ұқсап теңізге, Шалықтап жатар бар алап.
Қырлары қыздай құлпырған, Шілдеде, шіркін, қыр қандай?!
Масақтар күліп мұртынан, Масаттанып тұрғандай.
Қойнында толған ырыс бар, Осында майдан – жұмыстар.
Сол үшін салған ұрыстар, Қырдағы туған құрыштар.
Құмартып келсең қырманға, Көңілің шалқыр көкке өрлей.
Белестер сайын бұл маңға, Бекеттер орнап кеткендей.
Тоғысып тоқсан торабы, Түйіскен мұнда жол қилы:
Толтырып дәнге қорабын, – Толассыз «Газдар» жөңкиді.
Елімнің көріп ерлерін, Кеудеңде сол сәт тасыр күй;
Ұғынып диқан еңбегін, Ізетпен оған басыңды іи!..


Пікірлер (0)

Пікір қалдырыңыз

Жиі қойылатын сұрақтар

Шілдеде, шіркін, қыр қандай өлеңінің авторы кім?

Тортай Сәдуақас — осы өлеңнің авторы.

Шілдеде, шіркін, қыр қандай өлеңінің толық мәтінін қайдан оқуға болады?

Бұл бетте өлеңнің толық мәтінін және текст нұсқасын онлайн оқуға болады.

Шілдеде, шіркін, қыр қандай өлеңі не туралы?

Бұл өлеңде Тортай Сәдуақас өз ойы мен сезімін көркем түрде жеткізеді.

Шілдеде, шіркін, қыр қандай өлеңінен үзінді бар ма?

Бұл бетте өлеңнің толық мәтіні, шумақтары және өлең жолдары ұсынылған.

Осы автордың басқа өлеңдері