Бояушы
Бұл бетте «Бояушы» атты Абдрахман Асылбек жазған өлеңнің мәтіні толық жарияланған.
Зәулім үйді көрдің бе!
Зәулім үйге ендің бе!
Құлпыртқан кім сол үйді!
Соған көңіл бөлдің бе!
Бөлмелері әр түсті:
Бірі – қанық сары түсті.
Бірі – қызғылт, бірі – ақ,
Бірі – алтын дән түсті.
Бірі – көктің ашығы,
Бірі – көктем жасылы.
Бөлмелердің бәрінде
Бояулардың асылы.
Әр белмеден шалқып нұр,
Жұртты өзіне тартып тұр.
Ішіне енсең – шыққысыз,
Сырдың исі аңқып тұр.
Салынып үй, сарайлар,
Ырза болса талайлар,
Оны сырлап құлпыртқан –
Бояушы апай, ағайлар.
- Конфуций
- Ахмет Байтұрсынұлы
- Азамат Төре
- Азамат Төре
Барлық авторлар
Ілмек бойынша іздеу
Мақал-мәтелдер
Қазақша есімдердің тізімі