Айнакөлім – күйтабағы аумаған – Тортай Сәдуақас

Бұл бетте «Айнакөлім – күйтабағы аумаған» атты Тортай Сәдуақас жазған өлеңнің мәтіні берілген. Өлең тексті, өлең жолдары және толық нұсқасы осы жерде жарияланған.

  • 20.04.2021
  • 0
  • 0
  • 731
Айнакөлім – күйтабағы аумаған,
Күйсандық боп елестейді тау маған.
Жел елгезек жүгіреді ән салып,
Көк толқыны көңілімді аулаған.
Кең алаңға көз қиығын салсаң бұл,
Баурап алар биімен бір ансамбль:
Бұл атақты – «Биші қайың», беу, қыздар,
Биле, биле, бұраң белім, тамсандыр!
Алақанын шапалақтап жапырақ,
Ақан әнін айтатындай атырап.
Тебіреніп қосыласың сол сазға,
Табиғаттың тамашасын бақылап.
Міне, міне, тағы да әнге басты көл,
Елтіп қапты аспан, орман, тас түгел:
Салтанаты сынды мынау өмірдің, –
Өнерлі елде өтіп жатыр гастроль.


Пікірлер (0)

Пікір қалдырыңыз

Жиі қойылатын сұрақтар

Айнакөлім – күйтабағы аумаған өлеңінің авторы кім?

Тортай Сәдуақас — осы өлеңнің авторы.

Айнакөлім – күйтабағы аумаған өлеңінің толық мәтінін қайдан оқуға болады?

Бұл бетте өлеңнің толық мәтінін және текст нұсқасын онлайн оқуға болады.

Айнакөлім – күйтабағы аумаған өлеңі не туралы?

Бұл өлеңде Тортай Сәдуақас өз ойы мен сезімін көркем түрде жеткізеді.

Айнакөлім – күйтабағы аумаған өлеңінен үзінді бар ма?

Бұл бетте өлеңнің толық мәтіні, шумақтары және өлең жолдары ұсынылған.

Осы автордың басқа өлеңдері