Қасқалдағым

Бұл бетте «Қасқалдағым» атты Тортай Сәдуақас жазған өлеңнің мәтіні берілген. Өлең тексті, өлең жолдары және толық нұсқасы осы жерде жарияланған.

  • 23.04.2021
  • 0
  • 0
  • 536
Көктем келді! Көгінде қаз ұрандар,
Қаңқылынан сағыныш сазын аңғар.
Жеттің бе, аңсап, ән сап, Қасқалдағым,
Өзіңе оңаша айтар базынам бар.
Қанатыңнан ескендей көктем лебі,
Сөйлеттің көңілдегі көп пернені.
Қалқам-ау, қайда жүрдің, сендей құсты,
Көл едім көксеп жатқан көптен бері.
Қона ғой, айналып ең арманыма,
Жаңа-жаңа толысқан арна мына;
Қарамай асықтың ба, қарасуға,
Әйтеуір қанаттарың талмады ма?!
Өттің бе аңшылардан аман-есен,
Пәк жаның құмар шығар далаға әсем.
Қуы – дүр, нуы – өндір, суы – мөлдір,
Көлімді Көкшедегі арала сен.
Адаспай қамысында басқа арнаның,
Бал айыңды базармен баста ардағым.
Паш етіп біздің көктем басталғанын,
Қаға түс қанатыңды, Қасқалдағым!


Пікірлер (0)

Пікір қалдырыңыз

Жиі қойылатын сұрақтар

Қасқалдағым өлеңінің авторы кім?

Тортай Сәдуақас — осы өлеңнің авторы.

Қасқалдағым өлеңінің толық мәтінін қайдан оқуға болады?

Бұл бетте өлеңнің толық мәтінін және текст нұсқасын онлайн оқуға болады.

Қасқалдағым өлеңі не туралы?

Бұл өлеңде Тортай Сәдуақас өз ойы мен сезімін көркем түрде жеткізеді.

Қасқалдағым өлеңінен үзінді бар ма?

Бұл бетте өлеңнің толық мәтіні, шумақтары және өлең жолдары ұсынылған.

Осы автордың басқа өлеңдері