Аға бейнесі – Тортай Сәдуақас

Бұл бетте «Аға бейнесі» атты Тортай Сәдуақас жазған өлеңнің мәтіні берілген. Өлең тексті, өлең жолдары және толық нұсқасы осы жерде жарияланған.

  • 23.04.2021
  • 0
  • 0
  • 638
Асықтырса асыл арман, алыс қыр,
– Асуың боп аса қиын жарыс тұр,
Нар талабың болмаса, лапылдаған намыс тұл,
Өр бейнемді өнеге тұт, – дейтұғын
Шын тілектес, шың тектес
Керек екен кеңес құрар арыс бір!
Көкірегі өмір сырын көп түйген,
Көзбен атып, көңіліме дөп тиген;
Жайсаң аға, жүрсем шалқып жаныңда,
Шабыт ойнап қанымда.
Құшағымыз айнымастай қауышып,
Сырласқан сәт бір-бір мектеп тауысып.
Тауға өрлесем, тастары табан қанатқан,
Шыға алдым ба, сенімнен, – деп, – аға артқан,
Отырсам талып иығым, Өз-өзімнен күйініп, –
Олқы соғып соңғы шыққан биігім.
Оңаша қалсақ, сараңдау сөйлеп мәрт ағам,
Сабырмен айтып ақылын,
– Шандозым, – деп, – берік болсын тақымың,
Арқамнан қақса ақырын.
Ер жүрегі елжіреген ел десе,
Тарлан ағам тайғақ кешуге тап болып,
Майырылса болат тұяғы:
– Қолқанат бол, алу үшін мен өрлеген қияны,
Інім едің зиялы, Соңымнан ер ендеше,
Сенім артқан серігімнің бірі сен, – десе,
Серпінмен сергек, сертпенен,
Семсерімді сайлап ап, Сәйгүлігімді ерттер ем!
Сыралғы, сырбаз досымдай,
Ғашықпын мен бір ағаға осындай.
Сондықтан ба, саятшыдан із кескен,
Сол ағаға жолығам ба деп жолым боп,
Үмітімді үзбестен,
Сағынышпен құрақ ұшып жатамын
Жүзі игіге жүздескен.
Ағалар, қайран, ағалар,
Шарапатыңды көріп те жүрмін күнде мен,
Жанымнын жапырақтары бүрлеген.
Жапанда жалғыз жабықсам,
Тар жолдарда тарықсам, Өздерің келіп дем бердің;
Алғыс та алдым арқаларыңда сендердің.
Ақ үмітін ақтау үшін мен де елдің
Өркешіме жүк теңдермін.
Мен – қауырсыны қатайып қалған қаршыға,
Қалықтап ұшам қашан деп, Қанатын қаққан сарсыла.
Шыңдалып шыңда түлеген, Көз тігіп биік арсыға.
Қиядан тоят тілеген, Мен – балапан қаршыға.
Мен – көктемде туған бір бұлақ,
Қыраттан сайға құлдырап,
Сабылып сайлы саға іздеп, Қайда сол теңіз сабаз деп,
Тастақты талмай бұрғылап, Кемерін жатқан ұрғылап,
Мен – бұрқанып аққан бір бұлақ...


Пікірлер (0)

Пікір қалдырыңыз

Жиі қойылатын сұрақтар

Аға бейнесі өлеңінің авторы кім?

Тортай Сәдуақас — осы өлеңнің авторы.

Аға бейнесі өлеңінің толық мәтінін қайдан оқуға болады?

Бұл бетте өлеңнің толық мәтінін және текст нұсқасын онлайн оқуға болады.

Аға бейнесі өлеңі не туралы?

Бұл өлеңде Тортай Сәдуақас өз ойы мен сезімін көркем түрде жеткізеді.

Аға бейнесі өлеңінен үзінді бар ма?

Бұл бетте өлеңнің толық мәтіні, шумақтары және өлең жолдары ұсынылған.

Осы автордың басқа өлеңдері