Өлең, жыр, ақындар

Анашым

Ана жаным,жан жүрегім, барымсың,
Менің ана жалғыз ғана бағымсың.
Өзіңізді мақтан етем анашым,
Бүкіл әлем,бүкіл ғалам танысын.

Жүзіңізден бір шапағат тараған ,
Өзіңізді жақсы көрем жан анам.
Бар тілегім, бар арманым анашым,
Аман жүрсін жаратқаным жасаған.

Өзіңізден бәрін ана үйрендім,
Адам болу өзіңізден түйгенім.
Пасықтықтан жамандықтан жасқанып..
Жақсылықты, адалдықты үйрендім!

"Анашым " деп қызың жырын арнаған,
Жыр жазбасам мен бәрінен арланам.
Досқа, туыс, аға -әпке бәріне,
Тек сіз үшін Ана жаным арнағам.

Аналардың сен қадірін білгейсің,
Анасыз сен ешбір жерде жүрмейсің
Анаң барда сен қадірлі, сен батыл
Аналарды сен аялап жүргейсің!



Пікірлер (0)

Пікір қалдырыңыз


Қарап көріңіз