...дауласпайық – Сәкен Иманасов

Бұл бетте «...дауласпайық» атты Сәкен Иманасов жазған өлеңнің мәтіні берілген. Өлең тексті, өлең жолдары және толық нұсқасы осы жерде жарияланған.

  • 02.05.2021
  • 0
  • 0
  • 696
...дауласпайық,
жә, тіпті!
Сен менімен болмадың ба шынымен-ақ бақытты?
Сенен басқа
гүл өңінің әрін беріп,
құнына
қай қыз
жігіт жүрегінің қанынан дәм татыпты?!
Ақырғы рет сарқып ішіп шарасынан шаттықтың
Есіңде ме,
біз екеуміз ажырасар ақтық түн?—
Қара түнге құлақ түріп,
жылап тұрып,
кенеттен:
— Бәрі өзімнен,
бәрі өзімнен,
бәрі өзімнен!—
демеп пе ең!
Шаңырағым шайқалып та барып,
қайта түзелді.
Кінәласып,
жауласпайық,
дауласпайық біз енді!


Пікірлер (0)

Пікір қалдырыңыз

Жиі қойылатын сұрақтар

...дауласпайық өлеңінің авторы кім?

Сәкен Иманасов — осы өлеңнің авторы.

...дауласпайық өлеңінің толық мәтінін қайдан оқуға болады?

Бұл бетте өлеңнің толық мәтінін және текст нұсқасын онлайн оқуға болады.

...дауласпайық өлеңі не туралы?

Бұл өлеңде Сәкен Иманасов өз ойы мен сезімін көркем түрде жеткізеді.

...дауласпайық өлеңінен үзінді бар ма?

Бұл бетте өлеңнің толық мәтіні, шумақтары және өлең жолдары ұсынылған.

Осы автордың басқа өлеңдері