Аң-таң боп тұрмын ақ таңда – Сәкен Иманасов

Бұл бетте «Аң-таң боп тұрмын ақ таңда» атты Сәкен Иманасов жазған өлеңнің мәтіні берілген. Өлең тексті, өлең жолдары және толық нұсқасы осы жерде жарияланған.

  • 02.05.2021
  • 0
  • 0
  • 846
Аң-таң боп тұрмын ақ таңда,
кеудемде, қарғам, қайғы үдеп.
жақсы өсіп келе жатқанда,
қалайша жолдан тайды деп!
Апарған айдап қандай дәм,
келді ме шын-ақ сорлағың,
Жетелеп барып шалғайдан,
жықты екен сені орға кім?!
Ақталмай тағы үмітім,
тәңірім басқа салды әлек.
Қинала берем күні-түн,
менен де кінә бар ма деп.
Тәлімім теріс кетпек пе,
таңдатпай дұрыс жолды да,
Орысша берген мектепке
өзімнен бәрі болды ма?
Қай құдай мені қарғаған,
мүмкін бе көзге жас алмау,
Аңғалдау едің, жан балам,
азырақ алаңғасарлау.
Қалдың ба содан алданып.
малданып мадақ сөзді бір?
...Жасынды біраз жалға алып,
өтпесін, деші, тез ғұмыр!


Пікірлер (0)

Пікір қалдырыңыз

Жиі қойылатын сұрақтар

Аң-таң боп тұрмын ақ таңда өлеңінің авторы кім?

Сәкен Иманасов — осы өлеңнің авторы.

Аң-таң боп тұрмын ақ таңда өлеңінің толық мәтінін қайдан оқуға болады?

Бұл бетте өлеңнің толық мәтінін және текст нұсқасын онлайн оқуға болады.

Аң-таң боп тұрмын ақ таңда өлеңі не туралы?

Бұл өлеңде Сәкен Иманасов өз ойы мен сезімін көркем түрде жеткізеді.

Аң-таң боп тұрмын ақ таңда өлеңінен үзінді бар ма?

Бұл бетте өлеңнің толық мәтіні, шумақтары және өлең жолдары ұсынылған.

Осы автордың басқа өлеңдері