Қажығалиға – Қадыр Мырза Әли

Бұл бетте «Қажығалиға» атты Қадыр Мырза Әли жазған өлеңнің мәтіні берілген. Өлең тексті, өлең жолдары және толық нұсқасы осы жерде жарияланған.

  • 27.04.2019
  • 0
  • 0
  • 3996
Өзің айтшы, сыншым менің қырағы,
Суға тойған қашан шөлдің мұрабы?!
Он қызы бар ата-анаға, білесің,
Қай кезде де бір ұл жетпей тұрады.
Байи беру болса адамның ұраны,
Оны тірлік түзу жолдан бұрады.
Бір дачасы бар адамға қашанда
Бір машина жетпейді де тұрады.
Малы көпке,
Еске сақта, шырағым,
Шөп болмайды шүкірліктің құрағы.
Қанша өссе де,
Мансап қуған адамға
Бір секіру жетпейді де тұрады.
Ырық бермес көңілдің көк пырағы.
Жақсы арманның жақынынан жырағы.
Тойда қанша тойғанменен
Ішкенге
Бір жүз грамм жетпейді де тұрады.
Өзің айтшы, сыншым менің, қырағы
Майға қашан тойған үйдің шырағы?!
...Бәрін, бәрін,
Бәрін алған адамға
Ә-әй, бірдеңе жетпейді де тұрады!


Пікірлер (0)

Пікір қалдырыңыз

Жиі қойылатын сұрақтар

Қажығалиға өлеңінің авторы кім?

Қадыр Мырза Әли — осы өлеңнің авторы.

Қажығалиға өлеңінің толық мәтінін қайдан оқуға болады?

Бұл бетте өлеңнің толық мәтінін және текст нұсқасын онлайн оқуға болады.

Қажығалиға өлеңі не туралы?

Бұл өлеңде Қадыр Мырза Әли өз ойы мен сезімін көркем түрде жеткізеді.

Қажығалиға өлеңінен үзінді бар ма?

Бұл бетте өлеңнің толық мәтіні, шумақтары және өлең жолдары ұсынылған.

Осы автордың басқа өлеңдері