Ақшам

Бұл бетте «Ақшам» атты Ілияс Жансүгіров жазған өлеңнің мәтіні берілген. Өлең тексті, өлең жолдары және толық нұсқасы осы жерде жарияланған.

  • 14.05.2021
  • 0
  • 0
  • 3916
Көкше көкте ақша бұлт
Көміліп күн нұрына,
Жел байырқау, жер сұлық,
Қызғыл алтын шұғыла.
Ақ шашты ана - ала асқар
Оқыды сам жығыла.
Жау көргендей жартастар
Жамылды тұман дулыға.
Қабағын түйіп қоңыр күз,
Қарағай, қайың қалтырап;
Талда аңырап әнші құс,
Таста суыр тантырап.
Жазыла есінеп жапан қыр,
Маужырар сұлап, балбырап,
Даладан, таудан, көшті нұр,
Салбырап, сам жамырап.
Тауды тұман бөкселеп,
Өзен төлі жамырайды.
Көз жұмғанда көкше көк,
Көсіліп жер тымырайды.


Пікірлер (0)

Пікір қалдырыңыз

Жиі қойылатын сұрақтар

Ақшам өлеңінің авторы кім?

Ілияс Жансүгіров — осы өлеңнің авторы.

Ақшам өлеңінің толық мәтінін қайдан оқуға болады?

Бұл бетте өлеңнің толық мәтінін және текст нұсқасын онлайн оқуға болады.

Ақшам өлеңі не туралы?

Бұл өлеңде Ілияс Жансүгіров өз ойы мен сезімін көркем түрде жеткізеді.

Ақшам өлеңінен үзінді бар ма?

Бұл бетте өлеңнің толық мәтіні, шумақтары және өлең жолдары ұсынылған.

Осы автордың басқа өлеңдері