Жаңғырық – Сәкен Иманасов

Бұл бетте «Жаңғырық» атты Сәкен Иманасов жазған өлеңнің мәтіні берілген. Өлең тексті, өлең жолдары және толық нұсқасы осы жерде жарияланған.

  • 28.05.2021
  • 0
  • 0
  • 670
- А-һа-һа! Е-һе-һе!-леп,- айқайладық,
Алатау аппақ басын шайқай ма анық.—
Өз сөзім өзіме сор болды қанша,
жаңғырып,
жақпалдарды қайта айналып...
Өзіме аударам ба бар күнәні,—
Байқа!— деп таулар тағы жаңғырады.
Көріп ем көп сырымды қағазға айтып,
оны да қағып алып...
қалғымады.
Айқайла,
айқайлама—
кім еледі,
естісе — есерің де күлер еді,—
Оңаша не десең де,
"е" десең де,
өз сөзің өзіңе кеп тіреледі.
Тіге ме тас құлағын,
жар бұрылып,
жатқаны не десең де жаңғырығып.
Сырымды алды біліп сұмырайлар,
сыртымнан енді бірі қалды күліп.
Құпиям — кісіге айтпас қанша менің,—
жетсе деп жетеліге аңсап едім,
Күбір ете түседі сенен бұрын,
жыбыр ете бастаса сәл-пәл ерін.
Дауысым жетпеді ме көпке менің,
несіне бос арамтер боп келемін.
Сондықтан
ауылға да,
бауырға да
артық сөз айтпасқа енді серт беремін.
Кем айтып, артық айтып енді ешкімге,
сөзімді желге ұшыра бермеспін де.
Күтпей-ақ қайырымын, қойдым, тегі,
жұрағат,
жора-жолдас,
жерлестің де...


Пікірлер (0)

Пікір қалдырыңыз

Жиі қойылатын сұрақтар

Жаңғырық өлеңінің авторы кім?

Сәкен Иманасов — осы өлеңнің авторы.

Жаңғырық өлеңінің толық мәтінін қайдан оқуға болады?

Бұл бетте өлеңнің толық мәтінін және текст нұсқасын онлайн оқуға болады.

Жаңғырық өлеңі не туралы?

Бұл өлеңде Сәкен Иманасов өз ойы мен сезімін көркем түрде жеткізеді.

Жаңғырық өлеңінен үзінді бар ма?

Бұл бетте өлеңнің толық мәтіні, шумақтары және өлең жолдары ұсынылған.

Осы автордың басқа өлеңдері