Бір ақбоз ат түсіме көп кіреді – Сәкен Иманасов

Бұл бетте «Бір ақбоз ат түсіме көп кіреді» атты Сәкен Иманасов жазған өлеңнің мәтіні берілген. Өлең тексті, өлең жолдары және толық нұсқасы осы жерде жарияланған.

  • 02.05.2021
  • 0
  • 0
  • 818
Тұлпар туар тұқымы,
текті ме еді,
бір ақбоз ат түсіме кеп кіреді.
Қаншама рет қыр асып,
құйғытып кеп,
шырт ұйқыдан оятып кетті мені.
Асау өскен
даланың еркін малы
Ерді аңсай ма еңсегей
өр тұлғалы,
ағызып кеп,
арқырап тұрады-ау бір
жарқ-жұрқ ете жарқырап ер-тұрманы.
Қайшыланып
қамыстай қос құлағы.
ақырана ойқастап,
осқырады.
Үзеңгісі сыңғырлап,
іздеп келіп,
ауыздығы алынбай бос тұрады.
Қаншама рет осы бір арғымақ ат,
желіп келіп,
жер тарпып,
қалды қарап.
Талқан қылып тасты да тау асты ма,
қарақшыдан қашты ма
қандыбалақ!
«Ақбоз мініп атойлар қазақ қайда?» –
деп те мені,
кім білсін,
мазақтай ма?
(Қылп еткенін, қайтейін, ішім ептеп),
Тыным бермей тұрады
кісінеп кеп...
Бала жастан
қаныма ғұрпы сіңген.
не жақсылық жасадым жұрт үшін мен?
Азаптай ма соны айтып,
мазақтай ма,
бір ақбоз ат шықпай-ақ жүр түсімнен!


Пікірлер (0)

Пікір қалдырыңыз

Жиі қойылатын сұрақтар

Бір ақбоз ат түсіме көп кіреді өлеңінің авторы кім?

Сәкен Иманасов — осы өлеңнің авторы.

Бір ақбоз ат түсіме көп кіреді өлеңінің толық мәтінін қайдан оқуға болады?

Бұл бетте өлеңнің толық мәтінін және текст нұсқасын онлайн оқуға болады.

Бір ақбоз ат түсіме көп кіреді өлеңі не туралы?

Бұл өлеңде Сәкен Иманасов өз ойы мен сезімін көркем түрде жеткізеді.

Бір ақбоз ат түсіме көп кіреді өлеңінен үзінді бар ма?

Бұл бетте өлеңнің толық мәтіні, шумақтары және өлең жолдары ұсынылған.

Осы автордың басқа өлеңдері