Қалғыма, көңіл – Сәкен Иманасов

Бұл бетте «Қалғыма, көңіл» атты Сәкен Иманасов жазған өлеңнің мәтіні берілген. Өлең тексті, өлең жолдары және толық нұсқасы осы жерде жарияланған.

  • 02.05.2021
  • 0
  • 0
  • 659
Ой жібермей ырым-сырым дегенге,
сенетін ем,
еретін ем тек елге,
Елемедім
(бөлек едім басқадан)
жұлдызды аспан бар-жоғын да төбемде.
Жастығым ба,
мастығым ба —
білмедім,
маңайыма жоламайтын мұң менің,
тек бақыттың құшағында,
өртене
өтуші еді күндерім мен түндерім.
Көңіл шіркін алданбады, алданды,
алдымызда енді қанша дәм қалды,—
тасушы едім біріне де мән бермей,
жалпағынан басушы едім жалғанды.
Ой-тілегім жиылып бір жанарда,
дейтін едім, маған деген таң алда.
үлгеремін, дейтін едім, бәріне,
күн көремін,—
қалсам да елсіз аралда.
Елемедім жарлысы кім, бай кімдер:
өтіп жатқан
деуші ем,
бәрін жай күндер.
Көрісер де келісер деп ағайын,
басқа түссе — бөлісер деп қайғымды ел. 
...Кем-кетігі толмай жатып тірліктің,
дәл түбінен ұрды-ау тағдыр кіндіктің.
бұға бердім,
ыға бердім амалсыз,
бірі болып шыға келдім мұңдықтың,
Апыр-ау, бұл не болар деп ендігім,
алды-артымды ойлайтын да келді күн,
Ырым-сырым дегендердің бәріне,
сенгіш болып бара жаттым мен бүгін.
Қараймын деп көзім жетпес алдыма,
жүрек те бір шымыр ете қалды ма?
Өмір енді қызық бола бастаған,
қалғымашы, көңіл, енді қалғыма!


Пікірлер (0)

Пікір қалдырыңыз

Жиі қойылатын сұрақтар

Қалғыма, көңіл өлеңінің авторы кім?

Сәкен Иманасов — осы өлеңнің авторы.

Қалғыма, көңіл өлеңінің толық мәтінін қайдан оқуға болады?

Бұл бетте өлеңнің толық мәтінін және текст нұсқасын онлайн оқуға болады.

Қалғыма, көңіл өлеңі не туралы?

Бұл өлеңде Сәкен Иманасов өз ойы мен сезімін көркем түрде жеткізеді.

Қалғыма, көңіл өлеңінен үзінді бар ма?

Бұл бетте өлеңнің толық мәтіні, шумақтары және өлең жолдары ұсынылған.

Осы автордың басқа өлеңдері