Көңіл – Сәкен Иманасов

Бұл бетте «Көңіл» атты Сәкен Иманасов жазған өлеңнің мәтіні берілген. Өлең тексті, өлең жолдары және толық нұсқасы осы жерде жарияланған.

  • 28.05.2021
  • 0
  • 0
  • 858
Құлын-тайдай тебісіп, тепкілесіп,
көңіл шіркін көлді ұрттап, кекті кешіп,
қызыл-жасыл дүние оттарына
көкпарына — дүрліккен — кетті ілесіп!
Ақталды ма үміті, ақталмады,
қайғылыға қарамай қақпандағы,
түк қалдырмай ұйтқыды жан-күйімен,
қарды үйірген борандай ақпандағы.
Тілегінің барлығы бекер ме еді,—
той-думан да биікке көтермеді,
жақсыға да бұрылмай, тапшыға да,
жалғыз барып жұлдызға жетем деді.
Кіріп-шықпай есіне ырым бары,
бата жасар жаққа да бұрылмады.
Айлаға да жоқ еді,
пайдаға да,—
қайда ғана, құдай-ау, ұрынбады!
Жол ұзарып жастықпен арадағы,
байлыққа да бұрылып қарамады.
Бақ-дәреже тұсына тоқтамастан,
топтан асқан дәмеде...
барады әлі.
Қарсы алдынан берсе де күзі қылаң,
тудырмапты ешкімге ізі күмән,—
Бәрі соның — өмірдің тәттілігі,
бәрі соның — тірліктің қызығынан!


Пікірлер (0)

Пікір қалдырыңыз

Жиі қойылатын сұрақтар

Көңіл өлеңінің авторы кім?

Сәкен Иманасов — осы өлеңнің авторы.

Көңіл өлеңінің толық мәтінін қайдан оқуға болады?

Бұл бетте өлеңнің толық мәтінін және текст нұсқасын онлайн оқуға болады.

Көңіл өлеңі не туралы?

Бұл өлеңде Сәкен Иманасов өз ойы мен сезімін көркем түрде жеткізеді.

Көңіл өлеңінен үзінді бар ма?

Бұл бетте өлеңнің толық мәтіні, шумақтары және өлең жолдары ұсынылған.

Осы автордың басқа өлеңдері