Озып ем алға бір адым – Сәкен Иманасов

Бұл бетте «Озып ем алға бір адым» атты Сәкен Иманасов жазған өлеңнің мәтіні берілген. Өлең тексті, өлең жолдары және толық нұсқасы осы жерде жарияланған.

  • 28.05.2021
  • 0
  • 0
  • 638
Озып ем алға бір адым,
озбырларға да ұнадым.
Естіле түскен кеше өктем
өсектен тынды құлағым.
Құдайым мені оңғарар,
ежелгі дұшпан — ол да бар,
көзге ілмей жүрген неме де
бөдене болып жорғалар.
Ілгері жүре түсіп ем,
жалт беріп жауым — күші кем,
мақтады келіп көзіме,
боқтап тұрса да ішінен.
Өтіп ем тағы бір адым,
өсекшіге де ұнадым,
шулатқанын да кім білсін,
қаншама достың құлағын.
алдында сенің ақпыз деп,
қашаннан саған жақпыз деп,
жәдігөйлері жалбақтап,
жағымпаздары тапты іздеп,
Келетін еді кінәлай,
тістеп жүр тілін бір ағай,
құйрығын қысты қаскүнем,
маскүнем қарыз сұрамай.
Бүлкілдеп талай көмейлер,
өзім боп шығып өгейлер,
Кездейсоқ күні түсті ме,—
құдайға сені теңейді ел!


Пікірлер (0)

Пікір қалдырыңыз

Жиі қойылатын сұрақтар

Озып ем алға бір адым өлеңінің авторы кім?

Сәкен Иманасов — осы өлеңнің авторы.

Озып ем алға бір адым өлеңінің толық мәтінін қайдан оқуға болады?

Бұл бетте өлеңнің толық мәтінін және текст нұсқасын онлайн оқуға болады.

Озып ем алға бір адым өлеңі не туралы?

Бұл өлеңде Сәкен Иманасов өз ойы мен сезімін көркем түрде жеткізеді.

Озып ем алға бір адым өлеңінен үзінді бар ма?

Бұл бетте өлеңнің толық мәтіні, шумақтары және өлең жолдары ұсынылған.

Осы автордың басқа өлеңдері