Сол түні – Сәкен Иманасов

Бұл бетте «Сол түні» атты Сәкен Иманасов жазған өлеңнің мәтіні берілген. Өлең тексті, өлең жолдары және толық нұсқасы осы жерде жарияланған.

  • 31.05.2021
  • 0
  • 0
  • 753
Қуат алып құйқылжыған тәтті үннен,
күмбір қағып, көкірегім шат күлген,
аттың басын қоя беріп еркіне,
айлы түнде ағып келе жаттым мен.
Қараңғы ма, қарамадым, айналам,
құлағыма шалынады қайдағы ән,
арғымағым құстай ұшты-ау сол түні,
ауыздығын аласұра шайнаған,
Алдымдағы теңіз бе еді, көл ме еді,
қайда апара жатыр еді жол мені,
Сен болдың да маңдайдағы нысанам,
кең дүние көңілімді бөлмеді.
Кеудемдегі бар сағыныш, ентікпен,
асығып-ақ келе жаттым мен тіптен,
....Ағараңдап ақбоз үй де көрінді-ау,
баяғыда маған арнап сен тіккен!


Пікірлер (0)

Пікір қалдырыңыз

Жиі қойылатын сұрақтар

Сол түні өлеңінің авторы кім?

Сәкен Иманасов — осы өлеңнің авторы.

Сол түні өлеңінің толық мәтінін қайдан оқуға болады?

Бұл бетте өлеңнің толық мәтінін және текст нұсқасын онлайн оқуға болады.

Сол түні өлеңі не туралы?

Бұл өлеңде Сәкен Иманасов өз ойы мен сезімін көркем түрде жеткізеді.

Сол түні өлеңінен үзінді бар ма?

Бұл бетте өлеңнің толық мәтіні, шумақтары және өлең жолдары ұсынылған.

Осы автордың басқа өлеңдері