Ғабит ағаға екінші өлең – Сәкен Иманасов

Бұл бетте «Ғабит ағаға екінші өлең» атты Сәкен Иманасов жазған поэзия туралы өлең берілген. Өлең мәтіні, текст, өлең жолдары және толық нұсқасын осы жерден оқуға болады.

  • 01.06.2021
  • 0
  • 0
  • 544
Отын барып үрлеймін де өзгенің,
У боп бойға тарады ма өз демің?
Сал-серісін жырлап кеттің қазақтың,
Қыз да құшқан,
құздан ұшқан кездерін.
Кесек бітер кемеңгердің ойымен
Сен өзің де серілікке бейім ең.
Басыңа бақ қонғанын да біледі ел,
Кездеріңнің болғанын да кейіген.
Дәуіріңнің тақылдаған таңдайы ең,
Оққа төсер маңдайы едің,
ардай ең,
Іріп-шіріп бара жатқан заманға
Жасарынды білмей кеттің қандай ем.
...Туды, Ғаба, Сіз аңсаған күніміз,
Сізден де асқақ естіледі үніміз.
Қатардан да қалған жоқпыз,
тек қана
Ғабит бола алған жоқпыз біріміз!


Пікірлер (0)

Пікір қалдырыңыз

Жиі қойылатын сұрақтар

Ғабит ағаға екінші өлең өлеңінің авторы кім?

Сәкен Иманасов — осы өлеңнің авторы.

Ғабит ағаға екінші өлең өлеңінің толық мәтінін қайдан оқуға болады?

Бұл бетте өлеңнің толық мәтінін және текст нұсқасын онлайн оқуға болады.

Ғабит ағаға екінші өлең өлеңі не туралы?

Бұл шығарма поэзия туралы өлең ретінде танымал. Өлеңде автор өз ойын көркем түрде жеткізеді.

Ғабит ағаға екінші өлең өлеңінен үзінді бар ма?

Бұл бетте өлеңнің толық мәтіні, шумақтары және өлең жолдары ұсынылған.

Осы автордың басқа өлеңдері