Қажыдым-ау күнбе-күн жұмыстан-ақ – Жұмекен Нәжімеденов

Бұл бетте «Қажыдым-ау күнбе-күн жұмыстан-ақ» атты Жұмекен Нәжімеденов жазған өлеңнің мәтіні толық жарияланған.

  • 14.06.2021
  • 0
  • 0
  • 908
Қажыдым-ау күнбе-күн жұмыстан-ақ,
Кісі емес,
мен бүгінде құмырсқа нақ.
Қыздар сыңғырлап күліп...
қажытты әбден
құлағымның түбінде күміс санап.
Бұлақ бұлғап барады көк шарқатын,
төк, бұлт, жібек жібіңді,
төк тарқатып.
Дүбірлетті-ау кеудені,
арқама әкеп
Алматының көктемі көкпар тартып.
Қоздырды-ау делебені,
көлденеңі
Кез жігіт көрсетуге келді өлеңін:
Қолжазбаға қарадым...
өтті күнім
тыпыршумен жүйріктей көрмедегі.


Пікірлер (0)

Пікір қалдырыңыз

Осы автордың басқа өлеңдері