Қарағанды

Бұл бетте «Қарағанды» атты Иса Байзақов жазған өлеңнің мәтіні берілген. Өлең тексті, өлең жолдары және толық нұсқасы осы жерде жарияланған.

  • 22.11.2015
  • 0
  • 0
  • 8820
Қайнаған қалың байлық Қарағанды,
Маңына жайып отыр миллион жанды
Байқасаң Қара алтынды кенін көріп,
Маңызы табысының өте мәнді.

Күн сайын мың сан тонна көмір беріп
Үйілген маяланып кені өніп.
Асыл кен, алтын, күміс, рудалар
Көмірдің қызуымен балқиды еріп.

Қорғасын, мыс пенен жез, асыл болат,
Көмірмен қайнағанда май боп ағад,
Машина, паровоздың қазандары
Күшімен қара алтынның пайдаланад.

Ендеше Қарағанды ұлы табыс,
Күшейсін өндірісі аяқ алыс.
Нормасын мезгілінде толтырмаса,
Екпінге ермегендік үлкен намыс.

Басшы бол маңайыңа екпінділер,
Жалқауды сынға түсір, жазасын бер,
Араңда прогульщик, жалқау болса -
Талқылап түзелуге жөн сілтеңдер!


Пікірлер (0)

Пікір қалдырыңыз

Жиі қойылатын сұрақтар

Қарағанды өлеңінің авторы кім?

Иса Байзақов — осы өлеңнің авторы.

Қарағанды өлеңінің толық мәтінін қайдан оқуға болады?

Бұл бетте өлеңнің толық мәтінін және текст нұсқасын онлайн оқуға болады.

Қарағанды өлеңі не туралы?

Бұл өлеңде Иса Байзақов өз ойы мен сезімін көркем түрде жеткізеді.

Қарағанды өлеңінен үзінді бар ма?

Бұл бетте өлеңнің толық мәтіні, шумақтары және өлең жолдары ұсынылған.

Осы автордың басқа өлеңдері