Қарақат көз, қарағым, мойыл – жанар – Исраил Сапарбай

Бұл бетте «Қарақат көз, қарағым, мойыл – жанар» атты Исраил Сапарбай жазған махаббат туралы өлең берілген. Өлең мәтіні, текст, өлең жолдары және толық нұсқасын осы жерден оқуға болады.

  • 22.06.2021
  • 0
  • 0
  • 2284
Қарақат көз, қарағым, мойыл – жанар,
Қандай жiгiт қалаулы ойыңда бар?
Он сегiзге жеткенше ойын болар,
Он сегiзден өткен соң тойың болар.
Тойың болар,
Той кешi думан болар,
Жаның, тəнiң өртенiп, құмар қанар.
Ал сонан соң,
көз алдын көлегейлеп
көшкен көңiл орнында тұман қалар,
Бiрақ мұны жас кезде кiм аңғарар?
Қызғалдаққа қырмызы ұқсап өңiң,
Үлбiрейсiң үзiлiп қыпша белiң.
Жүрегiмде жүз үмiт күрсiнедi,
Жай-күйiмдi, жаным-ай, ұқсаң едiң.
Ұқсаң едiң,
ойымнан шықсаң едiң,
Жабығады-ау жас жүрек жықса көңiл.
Дерттi жүрек, өлеңшiл өрттi жүрек
Айығар ма арудың жұтса лебiн?..
Ақ қанатты желкенше жайып келiп
Айдыныма қонып ең лайық көрiп,
Алданышы көңiлдiң, аққуым-ай,
Қолдан ұшып кетпешi ғайып болып?!


Пікірлер (0)

Пікір қалдырыңыз

Жиі қойылатын сұрақтар

Қарақат көз, қарағым, мойыл – жанар өлеңінің авторы кім?

Исраил Сапарбай — осы өлеңнің авторы.

Қарақат көз, қарағым, мойыл – жанар өлеңінің толық мәтінін қайдан оқуға болады?

Бұл бетте өлеңнің толық мәтінін және текст нұсқасын онлайн оқуға болады.

Қарақат көз, қарағым, мойыл – жанар өлеңі не туралы?

Бұл шығарма махаббат туралы өлең ретінде танымал. Өлеңде автор өз ойын көркем түрде жеткізеді.

Қарақат көз, қарағым, мойыл – жанар өлеңінен үзінді бар ма?

Бұл бетте өлеңнің толық мәтіні, шумақтары және өлең жолдары ұсынылған.

Осы автордың басқа өлеңдері