Перiштенiң суретiн – Исраил Сапарбай

Бұл бетте «Перiштенiң суретiн» атты Исраил Сапарбай жазған өлеңнің мәтіні берілген. Өлең тексті, өлең жолдары және толық нұсқасы осы жерде жарияланған.

  • 15.07.2021
  • 0
  • 0
  • 690
Перiштенiң суретiн
Пенде қайдан сала алсын:
Желбiр, мөлдiр су бетiн
Желпiп өткен самалсың.
Жаратқаннан жаралып,
Екi мəрте тумайсың.
Таңғы ауаға таралып,
Көлден ұшқан будайсың.
Кейде шаттық, кейде мұң
Қыздың жəннəт жанаты.
Үлбiреген көйлегiң –
Көбелектiң қанаты.
Саф сəуленiң сынығы
Шадыман шақ, шат қалпың.
Қара көздiң тұнығы –
Маусымдағы мақпал түн.
Тылсымнан тiл қата ма
Қас пен қабақ, ақ мандай?..
Жанарыңнан, о, тоба,
Бейiш шамы жанғандай!
Жүрек құрғыр бүлк еттi,
Дiр қаққанда төс əппақ.
Екi бiрдей үркектi
Қойды екен кiм қосақтап?..
Ауға түскен балықты
Аужайлайды тəн əппақ.
Ақ тамаққа қалыпты
Жалғыз ноқат қонақтап.
Тандайыңнан тамған үн
Елестетер таң құсын.
Жау-жарақсыз жан-жағын
Жаулап алды-ау тал-мүсiн!
Жанарға нұр жалатқан
Асықты, əне, Күн тауға.
Сендей жанды жаратқан
Жаратқанға мың тəуба!


Пікірлер (0)

Пікір қалдырыңыз

Жиі қойылатын сұрақтар

Перiштенiң суретiн өлеңінің авторы кім?

Исраил Сапарбай — осы өлеңнің авторы.

Перiштенiң суретiн өлеңінің толық мәтінін қайдан оқуға болады?

Бұл бетте өлеңнің толық мәтінін және текст нұсқасын онлайн оқуға болады.

Перiштенiң суретiн өлеңі не туралы?

Бұл өлеңде Исраил Сапарбай өз ойы мен сезімін көркем түрде жеткізеді.

Перiштенiң суретiн өлеңінен үзінді бар ма?

Бұл бетте өлеңнің толық мәтіні, шумақтары және өлең жолдары ұсынылған.

Осы автордың басқа өлеңдері