Көкейтескен

Бұл бетте «Көкейтескен» атты Исраил Сапарбай жазған өлеңнің мәтіні берілген. Өлең тексті, өлең жолдары және толық нұсқасы осы жерде жарияланған.

  • 20.07.2021
  • 0
  • 0
  • 663
Далам анау етек-жеңі далиған,
Жалғыз соның соңында жүр ар-иман.
Ата-баба аманатын кіршіксіз
Ақтау, сақтау – қасиетті қағидам!
Тауым анау – табынарым, киелім,
Өркешіндей өрге тартқан түйенің.
Өле-өлгенше сол өлкені сүйемін,
Өле-өлгенше сол өлкеге иемін!
Дала – менің көңілім де, тау – еңсем,
Алда-жалда ақ ордама, жау, енсең:
Тақ – төріме тағзым етіп еріксіз,
Есік жақтан еңкейерсің əуел сен!
Шалқақ кеуде, апайтөстер небір дөй
Əуре болған не кете алмай, не кірмей...
Қазыналы құтты мекен қайда бар
Қазағымның қасиетті жеріндей?!
Қазынаға сұғын салған сұм қанша?
Қазанымнан қайыр қанша, уланса?
Қайран менің қазағыма дəл қазір
Абылайдай арда туған ұл болса?!


Пікірлер (0)

Пікір қалдырыңыз

Жиі қойылатын сұрақтар

Көкейтескен өлеңінің авторы кім?

Исраил Сапарбай — осы өлеңнің авторы.

Көкейтескен өлеңінің толық мәтінін қайдан оқуға болады?

Бұл бетте өлеңнің толық мәтінін және текст нұсқасын онлайн оқуға болады.

Көкейтескен өлеңі не туралы?

Бұл өлеңде Исраил Сапарбай өз ойы мен сезімін көркем түрде жеткізеді.

Көкейтескен өлеңінен үзінді бар ма?

Бұл бетте өлеңнің толық мәтіні, шумақтары және өлең жолдары ұсынылған.

Осы автордың басқа өлеңдері