Бағала менi, бағала

Бұл бетте «Бағала менi, бағала» атты Исраил Сапарбай жазған өлеңнің мәтіні берілген. Өлең тексті, өлең жолдары және толық нұсқасы осы жерде жарияланған.

  • 22.06.2021
  • 0
  • 0
  • 1471
Бағала менi, бағала,
Көзiмнiң жасын iшпе, Сен.
Шағала – көңiл, шағала,
Шалқарда шалқып ұш десең.
Азапта, мейлiң, əуреле,
Сұрап та жатпан «неге?» – деп.
Ұрынған жарық сəулеге
Мен бүгiн көзсiз көбелек.
Ажалдан аман ап қалар
Аялы жандар қорғалап.
Ақынның аты – аппақ ар,
Түсiре көрме арға дақ.
Адалдың жаны асыл-ды,
Келетiн дəйiм көмекке.
Қорғасаң қорға басымды,
Қолыңнан келсе, қор етпе!
Аз қонып көрiк – бағыма,
Жүрекке кетпе қайғы сап.
Жаз болып келiп жаныма,
Жадырай күл де жай құшақ!
...Бағала менi, бағала,
Көзiмнiң жасын iшпе, Сен.
Шағала – көңiл, шағала,
Шалқарда шалқып ұш десең!


Пікірлер (0)

Пікір қалдырыңыз

Жиі қойылатын сұрақтар

Бағала менi, бағала өлеңінің авторы кім?

Исраил Сапарбай — осы өлеңнің авторы.

Бағала менi, бағала өлеңінің толық мәтінін қайдан оқуға болады?

Бұл бетте өлеңнің толық мәтінін және текст нұсқасын онлайн оқуға болады.

Бағала менi, бағала өлеңі не туралы?

Бұл өлеңде Исраил Сапарбай өз ойы мен сезімін көркем түрде жеткізеді.

Бағала менi, бағала өлеңінен үзінді бар ма?

Бұл бетте өлеңнің толық мәтіні, шумақтары және өлең жолдары ұсынылған.

Осы автордың басқа өлеңдері