Өлең – Исраил Сапарбай

Бұл бетте «Өлең» атты Исраил Сапарбай жазған поэзия туралы өлең берілген. Өлең мәтіні, текст, өлең жолдары және толық нұсқасын осы жерден оқуға болады.

  • 20.07.2021
  • 0
  • 0
  • 658
Көлге бауырын төсеген
Аққуым да – осы Өлең.
Көгергенде көсегем,
Шаттығым да – осы Өлең.
Алтынменен апталған
Байлығым да – осы Өлең.
Тағдырыма тап болған
Қайғы-мұң да – осы Өлең.
Тасынғанға Тəңірдің
Мазағы да – осы Өлең.
Зəнталақ пен залымның
Ажалы да – осы Өлең!
Абай менен Мағжаннан
Жалғасқан да – осы Өлең.
Қара қылды қақ жарған
Алдаспан да – осы Өлең!
Ынтымақ пен бірліктің
Елшісі де – осы Өлең.
Ертелі-кеш тірліктің
Емшісі де – осы Өлең.
Ғашық-машық жандардың
Ғазалы да – осы Өлең.
Мынау бес күн жалғанның
Базары да – осы Өлең.
Əділдік пен шындықтың
Қамалы да – осы Өлең.
Сұрқия мен сұмдықтың
Зауалы да – осы Өлең!
Таудан биік тағымның
Тұғыры да – осы Өлең!
Менің ақын жанымның
Ғұмыры да – осы Өлең.


Пікірлер (0)

Пікір қалдырыңыз

Жиі қойылатын сұрақтар

Өлең өлеңінің авторы кім?

Исраил Сапарбай — осы өлеңнің авторы.

Өлең өлеңінің толық мәтінін қайдан оқуға болады?

Бұл бетте өлеңнің толық мәтінін және текст нұсқасын онлайн оқуға болады.

Өлең өлеңі не туралы?

Бұл шығарма поэзия туралы өлең ретінде танымал. Өлеңде автор өз ойын көркем түрде жеткізеді.

Өлең өлеңінен үзінді бар ма?

Бұл бетте өлеңнің толық мәтіні, шумақтары және өлең жолдары ұсынылған.

Осы автордың басқа өлеңдері