Өкiнбеймiн бiреудi өпсең де өлiп – Исраил Сапарбай

Бұл бетте «Өкiнбеймiн бiреудi өпсең де өлiп» атты Исраил Сапарбай жазған өлеңнің мәтіні толық жарияланған.

  • 22.06.2021
  • 0
  • 0
  • 834
Өкiнбеймiн бiреудi өпсең де өлiп,
Өкiнбеймiн өзгеге кетсең де ерiп.
Жазмыштың маған жазған пендесiне
Мен-дағы кезiгермiн көп сенделiп.
Мұң ба екен,
Мұның бəрi уайым ба екен?!
Бүгiнде ойым бөтен, жайым бөтен.
Қойнына қона алмаған қос аққуға
Қол бұлғап қала берер – қайың мекен...
Жабықпа,
жарылқасын бетiңдi алдан.
Өткен күн өшкен, көшкен секiлдi арман...
Болар-ау бəрi де ұмыт,
Амалым не,
Аяймын махаббатты жетiм қалған.


Пікір қалдырыңыз

Пікірлер (0)

Осы автордың басқа өлеңдері