Балапандарым – Алмат Исәділ

Бұл бетте «Балапандарым» атты Алмат Исәділ жазған өлеңнің мәтіні берілген. Өлең тексті, өлең жолдары және толық нұсқасы осы жерде жарияланған.

  • 20.12.2020
  • 0
  • 0
  • 2708
Сендерсің менің бақытым балапандарым,
Балапандарым — шаттықтың таратар нәрін.
Жүріңдер ылғи күлімдеп қасымда менің,
Өмірдің бірге қарсы алып жаңа таңдарын.

Ауырлап кеткен сәттерде төзімнің жүгі,
Өздеріңменен сейілер көңілдің мұңы.
Сендерсің менің сенерім, сүйенішім де,
Сендермен ғана бағалы өмірдің құны.

Тағдырдың жолы тым қиын, болыңдар абай,
Қарсы жүзіңдер тайсалмай ағынға қарай.
Тау жақтан ескен самал жел жүздеріңді өбіп,
Аймалап жүрсін күнде ерте жағылған арай?!

Балалық күннің уайымсыз, зерлі шағында,
Уақыттың өзі жүрекке белгі салуда.
Өсіңдер бойға дарытып даламның исін.
Жақсылық тұнған әлемнің кең құшағында.

Күн сайын маған өмірдің таратар нәрін,
Аман жүріңдер кішкентай балапандарым.
Ғажабын ғана көріңдер ғұмырдың мынау,
Батаға ғана жайылсын алақандарың.
Балапандарым...


Пікірлер (0)

Пікір қалдырыңыз

Жиі қойылатын сұрақтар

Балапандарым өлеңінің авторы кім?

Алмат Исәділ — осы өлеңнің авторы.

Балапандарым өлеңінің толық мәтінін қайдан оқуға болады?

Бұл бетте өлеңнің толық мәтінін және текст нұсқасын онлайн оқуға болады.

Балапандарым өлеңі не туралы?

Бұл өлеңде Алмат Исәділ өз ойы мен сезімін көркем түрде жеткізеді.

Балапандарым өлеңінен үзінді бар ма?

Бұл бетте өлеңнің толық мәтіні, шумақтары және өлең жолдары ұсынылған.

Осы автордың басқа өлеңдері