Сегіз жаста ұлы октябрь

Бұл бетте «Сегіз жаста ұлы октябрь» атты Иса Байзақов жазған мерекеге арналған өлең берілген. Өлең мәтіні, текст, өлең жолдары және толық нұсқасын осы жерден оқуға болады.

  • 22.11.2015
  • 0
  • 0
  • 2455
Жаудың қанын судай шашқан күн.
Қара пейіл арам жұрттар жеңіліп,
Езілгендер қуанып үн қосқан күн.
Тұтқындағы өзгерістің ұлдары,
He заманғы бұғауларын шешкен күн.
Қызыл әскер тасты жүндей қопарып,
Жаңа дүние жайлауына көшкен күн.
Адамзатты құлданатын байлардың
Патшасына жайдың оғы түскен күн.
Неше жүз жыл дүниені шіріткен,
Шен құмардың ішегін алмас кескен күн.
Неше мың жыл көкке өрлеген қиянат,
Еңбекшілдің табанына түскен күн.
Еркек, әйел, жетім, жесір, аруға -
Бостандықтың жас егіні піскен күн.
Бүгінгі күн барлық күнге тұрған күн,
Ұлы Октябрь сегіз жасқа толған күн.
Езілгендер ұрандасып той тойлап,
Жауыздардың қол-аяғын буған күн.

7 ноябръ, 1925 ж.


Пікірлер (0)

Пікір қалдырыңыз

Жиі қойылатын сұрақтар

Сегіз жаста ұлы октябрь өлеңінің авторы кім?

Иса Байзақов — осы өлеңнің авторы.

Сегіз жаста ұлы октябрь өлеңінің толық мәтінін қайдан оқуға болады?

Бұл бетте өлеңнің толық мәтінін және текст нұсқасын онлайн оқуға болады.

Сегіз жаста ұлы октябрь өлеңі не туралы?

Бұл шығарма мерекеге арналған өлең ретінде танымал. Өлеңде автор өз ойын көркем түрде жеткізеді.

Сегіз жаста ұлы октябрь өлеңінен үзінді бар ма?

Бұл бетте өлеңнің толық мәтіні, шумақтары және өлең жолдары ұсынылған.

Осы автордың басқа өлеңдері