Ақтарсам жүректегi жайдың бəрiн – Исраил Сапарбай

Бұл бетте «Ақтарсам жүректегi жайдың бəрiн» атты Исраил Сапарбай жазған өлеңнің мәтіні берілген. Өлең тексті, өлең жолдары және толық нұсқасы осы жерде жарияланған.

  • 01.07.2021
  • 0
  • 0
  • 722
Ақтарсам жүректегi жайдың бəрiн.
Мен сенiң қуанышың, қайғыңдамын.
Қарап ем,
көзiң, қалқам, – айдын екен,
Жүзiп жүр аққу емес, айдында мұң.
Моншақ па?
Жанардағы тамшы мұң ба?
Тамшы мұң сенiң татар талшығың ба?
Жанарға үйiрiлген жасты көрiп
Жазықсыз жаным менiң жаншылуда.
Кiршiксiз көңiлiңе кiрбiң iлмей,
Құлпырып өссең деп ем қыр гүлiндей.
Кеудеңде бiр көк теңiз тулай ма əлде,
Мазасыз менiң мынау тiрлiгiмдей?
Сымбатты, сұлу жүзге сызат қонып,
Бiр сезiм ұшты ма əлде ұзаққа алып? –
Дертiңе дауа болар дару таппай
Дал болдым жүрегiмдi жүз ақтарып.
Бiр сөздi табуым хақ қалайда iзгi;
Тiлегiм – мұң шалмағай арай жүздi.
...Ақылдан адастырып бұл Қуаныш,
Бұл Қайғы табыстырар талай бiздi...


Пікірлер (0)

Пікір қалдырыңыз

Жиі қойылатын сұрақтар

Ақтарсам жүректегi жайдың бəрiн өлеңінің авторы кім?

Исраил Сапарбай — осы өлеңнің авторы.

Ақтарсам жүректегi жайдың бəрiн өлеңінің толық мәтінін қайдан оқуға болады?

Бұл бетте өлеңнің толық мәтінін және текст нұсқасын онлайн оқуға болады.

Ақтарсам жүректегi жайдың бəрiн өлеңі не туралы?

Бұл өлеңде Исраил Сапарбай өз ойы мен сезімін көркем түрде жеткізеді.

Ақтарсам жүректегi жайдың бəрiн өлеңінен үзінді бар ма?

Бұл бетте өлеңнің толық мәтіні, шумақтары және өлең жолдары ұсынылған.

Осы автордың басқа өлеңдері