Қылдырықтай өкшелі – Сәкен Иманасов

Бұл бетте «Қылдырықтай өкшелі» атты Сәкен Иманасов жазған өлеңнің мәтіні берілген. Өлең тексті, өлең жолдары және толық нұсқасы осы жерде жарияланған.

  • 14.07.2021
  • 0
  • 0
  • 649
Қылдырықтай өкшелі,
бұлдырықтай бөкселі,
сені мендей сүйетін жер үстінде жоқ сері,
оған куә —
кешегі Көктөбенің етегі,
балтырыңа жабысып жатып алған көк шөбі.
"Мың бір түннен" білетін
мықындысы Мысырдың
шеніңе де келмесін
шешіндірмей түсіндім.
Ермін деген еркекті емексітіп баладай,
майшабақтай еріткен,
Мадонна-қыз мүсіндім!
Қынабынан суырған қылыштай-ақ бір өткір,
қия жаздап мойнымды,
қия жаздап білек тұр.
Қаз омырау, қайқы бел,..
арғы жағын айтуға,
ауыз бармай,
амалсыз,
қала берді
жүдеп тіл.


Пікірлер (0)

Пікір қалдырыңыз

Жиі қойылатын сұрақтар

Қылдырықтай өкшелі өлеңінің авторы кім?

Сәкен Иманасов — осы өлеңнің авторы.

Қылдырықтай өкшелі өлеңінің толық мәтінін қайдан оқуға болады?

Бұл бетте өлеңнің толық мәтінін және текст нұсқасын онлайн оқуға болады.

Қылдырықтай өкшелі өлеңі не туралы?

Бұл өлеңде Сәкен Иманасов өз ойы мен сезімін көркем түрде жеткізеді.

Қылдырықтай өкшелі өлеңінен үзінді бар ма?

Бұл бетте өлеңнің толық мәтіні, шумақтары және өлең жолдары ұсынылған.

Осы автордың басқа өлеңдері