Өліп-өшіп – Сәкен Иманасов

Бұл бетте «Өліп-өшіп» атты Сәкен Иманасов жазған өлеңнің мәтіні берілген. Өлең тексті, өлең жолдары және толық нұсқасы осы жерде жарияланған.

  • 14.07.2021
  • 0
  • 0
  • 627
Өліп-өшіп,
өзі кеп шешіндірді,
шешіндірді,
мен жаққа төсін бұрды,
...содан кейін білмеймін...
өліп-талып,
көріп барып жұмақты...
есім кірді!..
Сезім шіркін болды ма қарақшы анық,
есім кірді,
араға сағат салып,
...ес-түсі жоқ құмарлық
екеуімізді
құрбандыққа жіберді-ау қабат шалып!
...Көрмесінші дедің бе ұрлығыңды Ай,
әрі барып отырдың бір қырындай.
...Сансыз күндер
саналмай өтіп жатыр,
тұсаулы аттың
үзілген шылбырындай!


Пікірлер (0)

Пікір қалдырыңыз

Жиі қойылатын сұрақтар

Өліп-өшіп өлеңінің авторы кім?

Сәкен Иманасов — осы өлеңнің авторы.

Өліп-өшіп өлеңінің толық мәтінін қайдан оқуға болады?

Бұл бетте өлеңнің толық мәтінін және текст нұсқасын онлайн оқуға болады.

Өліп-өшіп өлеңі не туралы?

Бұл өлеңде Сәкен Иманасов өз ойы мен сезімін көркем түрде жеткізеді.

Өліп-өшіп өлеңінен үзінді бар ма?

Бұл бетте өлеңнің толық мәтіні, шумақтары және өлең жолдары ұсынылған.

Осы автордың басқа өлеңдері