«Жаным-ау» десем, жалт карар ма едiң – Исраил Сапарбай

Бұл бетте ««Жаным-ау» десем, жалт карар ма едiң» атты Исраил Сапарбай жазған өлеңнің мәтіні толық жарияланған.

  • 15.07.2021
  • 0
  • 0
  • 984
«Жаным-ау» десем, жалт карар ма едiң,
Жан сырын маған ақтарар ма едiң?
Дегбiрiмдi алса қайтемiн, қарғам,
Ақбала өңiң,
Қап-қара меңiң?..
Жайласа желпiп жəй ғана лебiң,
Жаныма келген Лəйла ма дедiм.
Басыңнан сүйеп, базынамды айтып,
Шашыңнан сүйiп, аймалар ма едiм...
Көзiң де көлдей тұп-тұнық екен,
(Жылымды қайтем жықпылы бөтен)
Байлаусыз, жiпсiз шырмалған басы
Байқасам, сенiң тұтқының екем.
Мен бе екем басы шыр айналғанның,
Қасыңнан, қалқам, шыға алмай қалдым.
«Жайратсам» ба əлде, жаныңды сəби
Сазымен Сағи, Тұманбайлардың?
Жоқ əлде, Сағи, Тұманбай қалып,
Арбасам ба екен жыландай болып?
Отырар ма едiң,
Өткiншi өмiр
Өң бе, əлде түс пе, бiле алмай қалып!


Пікір қалдырыңыз

Пікірлер (0)

Осы автордың басқа өлеңдері