Ақынға арнау
Бұл бетте «Ақынға арнау» атты Қасымбек Арайлым жазған өлеңнің мәтіні толық жарияланған.
Сол баяғы өз аспаның, өз елің,
Өз еліңде келді сөйлер кезегің.
Сол кішкентай Қарасаздан басталған,
Теңіз болды сенің «өмір өзенің»!
Қайда кеттің, бітірмей өмір дастанын,
Алатауға қатсаңшы тағы асқақ үн.
Бір сәтіңді жеткізе алмай тұрмыз-ау,
Өлеңменен іні – қарындастарың.
Дүниеден өтті қанша ұлылар,
Ұлылар да уақытпенен құрбылар.
Сиқырыңды зерттеп бітпес біз үшін,
Бір өзің бір құбылыссың сыры бар.
Өмір жайлы, өзің жайлы, ел жайлы,
Әлі талай келер ұрпақ толғайды.
Туған күні тойланған шын ақынның,
Өлген күні болған емес, болмайды...
Алматы облысы
Кербұлақ ауданы
Шилісу ауылы «Шилісу негізгі мектебі» КММ–сінің
4-сынып оқушысы: Қасымбек Арайлым
Сынып жетекшісі: Билибаева Қарлығаш Урамбаевна
олен жазп берем тегин
Мықты жазылған
Жақсы жазылған.Талабың оң болсын,өрлей бер.
Шабыт ұялай берсін
Талабыңа нұр жаусын
Өлеңнің авторы Қанипа Бұғыбаева. (Сынып жетекшісі: Билибаева Қарлығаш Урамбаевнаға)